Войти

2023 жылға арналған салық жинау жоспары 64%-ға орындалды

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының (ҚҚҚ) талдау орталығы 2023 жылдың тоғыз айындағы Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетіне қатысты өз шолуын жария етті.

Нарық ішіндегі негізгі тенденциялар Экономиканың жеделдеп дамуы (ЖІӨ-нің өсу көрсеткіші 4,7%, 2022 жылы: 2,8%) мен пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық ставкаларының өсуіне қарамастан (биржаға шығарылатын металдарды өндіруге 50%-ға, өзге де қатты минералдар бойынша – 30%-ға), еліміздің шоғырландырылған бюджетіне түскен салық түсімдері ептеп қана өскені байқалды.

2023 жылдың қаңтары мен қыркүйегі аралығында елімізде 16,7 трлн теңге салық жиналды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 8% жоғары. Салыстыру үшін: 2022 жылдың тоғыз айында олардың өсу көрсеткіші 71%-ды құраған болатын.

Шетелдік инвесторлар тапқан табыстарын Қазақстанда қалдырғысы келмей ме? Шетелдік инвесторлар тапқан табыстарын Қазақстанда қалдырғысы келмей ме?

Қазақстан нарығындағы бизнесін дамытуға резидент еместер өз табысының бесін... →

Яғни, жыл соңына дейін үш ай қалғанда, 2023 жылға арналған салық жинау жоспарының орындалуы (26 трлн теңге) бір жыл бұрынғы 86%-бен салыстырғанда бар болғаны 64%-ды ғана құрап отыр деген сөз.

Таратып айтар болсақ, республикалық бюджеттің кіріс бөлігі 1,1 трлн теңгеге дұрыс орындалмаған: корпоративтік табыс салығы бойынша салық түсімдері 819 млрд теңгеге, импортқа салынатын ҚҚС – 243 млрд теңгеге, шикі мұнай бойынша кедендік баж салығы 203 млрд теңгеге, пайдалы қазбаларды өндіру салығы – 145млрд теңгеге орындаусыз қалған.

Шоғырландырылған бюджеттің шығындары 19%-ға немесе 3,2 трлн теңгеге, яғни 20,2 трлн теңгеге дейін өскен – бюджеттің кіріс бөлігінен 17% немесе 2,9 трлн теңге асып түсетін көрсеткіш.

Бұл өсімнің үштен бірін – борышқа қызмет көрсетіп, өтеу бабы құрайды (+1,050 млрд теңге). Үстіміздегі жылдың тоғыз айында аталған бап бойынша жалпы шығыс көрсеткіштері 39%-ға өскен: бір жыл бұрынғы 2,7 трлн теңгеден 3,7 трлн теңгеге дейін (бюджеттің барлық шығысының 18%-ы).

Өсім көрсеткіштері бойынша әрі қарай білім (+716 млрд теңге), әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамту (+583 млрд теңге) салалары тұр.

Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін 5,1 трлн теңге қарыз тартылған. Жалпы, биылғы жылға белгіленген қарыз тарту жоспары 5,6 трлн теңге болса, оның орындалу көрсеткіші 91%-ды құрап отыр. Салық түсімдері бойынша болжанған көрсеткіштерді есепке алсақ, биылғы жылға белгіленген қарыз тарту жоспары асыра орындалуы әбден мүмкін.

Балама жол ретіндегі ҚМГ акцияларын Ұлттық қорға сату ұсынысы – қордың негізгі функцияларына қайшы келеді: қалай дегенмен, Ұлттық қор келер ұрпақ үшін қаражат ресурстарын жинақтау (шетелдік валюта түрінде) және бұл ресурстарды тұрақтандырып ұстау (республикалық бюджеттің мұнай бағасына деген тәуелділігін төмендету) мақсатында құрылған болатын.

Түйін Қазақстан экономикасы қызмет көрсетуге негізделген (ЖІӨ-де қызмет көрсету үлесі басым), әйтсе де, шоғырландырылған бюджетке бағытталған түсімдер негізінен тауар өндірісінен (мұнай экспорты) келіп түскен. Яғни, ел ішіндегі экономикалық белсенділіктің артуына қарамастан, салық төлемдерінің баяу өсуінің бір себебі осымен түсіндіріледі.

Айта кету керек, есепті кезеңде Brent мұнайының орташа бағасы бір баррельге 81,9 АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 20% төмен (102,3 АҚШ доллары), бірақ ел бюджетінде ескерілген болжамды бағадан алыстай қоймаған (85 АҚШ доллары).

Халықтың несиеге батуы тұрмыс пен кәсіпке қалай әсер етеді? Халықтың несиеге батуы тұрмыс пен кәсіпке қалай әсер етеді?

Қазір елдің көбі табысы мол жұмыс іздеп жүр. →

Бұл тұрғыда шоғырландырылған бюджет балансы біршама нашарлап кеткені байқалуда, өз кезегінде, бұл борыш жүктемесін әрі қарай ұлғайтып (жүйе ішіндегі мөлшерлемелер жоғары болса да), жыл соңына дейін бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру көздерін іздеу қажеттілігін өзекті етеді. Қазіргі таңда қарыз тарту жоспары 91%-ға орындалған, ал былтырғы жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіш 65% болатын.

Жоспар бойынша жыл соңына дейін салық түрінде 26,0 трлн теңге жинау көзделген, алайда, бұл жоспардың орындалу мүмкіндігі күмәнді (биылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында 17 трлн теңгенің салығы жиналды, бұл жылдық жоспардың 64%-ы).

Сонымен қатар, орта мерзімді перспективада салық түсімдерін жақсарту шараларын – бюджет ережесін міндетті түрде орындаумен және тараптандырылған өсімді ынталандыру шығындарын қайта бағыттаумен, сапалы жұмыс орындарын ашумен және ел халқының әл-ауқатын көтеруге негізделген өзге де іс-шараларымен біріктіріп, қолданған дұрыс болады, бұл бюджет балансын жақсартуға септік етуі тиіс.

Естеріңізге сала кетсек, әлеуметтік шығындар мен жеңілдетілген кредиттеудің еселеп өсуі тұтынушылық сұранысты ұлғайтып, ақшалай массаның өсуіне және соның салдарында инфляцияның шарықтауына, сондай-ақ бюджетке деген қарыздық жүктеменің артуына әкеліп соғады.



Поделиться:

Смотрите также:

Jusan Invest предлагает инвесторам зелёные облигации
2 года назад
В понедельник, 25 декабря, на бирже AIX состоялась торжественная церемония размещения зеленых облигаций АО «Банк развития Казахстана», которое является дочерней структурой АО «НУХ «Байтерек». Компания Jusan Invest выступила финансовым консультантом и...
Чего ждут участники рынка от экономики Казахстана в 2025–2027 годах?
1 год назад
Национальный банк Казахстана (НБРК) опубликовал результаты очередного макроэкономического опроса среди экспертного сообщества. Опрос проводился 7–13 августа 2025 года среди 13 участников — банков, экспертных компаний, и...
Инфляция в Казахстане ускорится, но экономика пока стабильна — ЕФСР
1 год назад
В 2025 году Казахстан ускорит темпы экономического роста: прирост может составить 5,2%. Это означает, что третий год подряд экономика Казахстана будет расти вблизи 5%, и для страны это, безусловно, значимый результат, с...
Акции Банка ЦентрКредит 8 декабря снизились на 15%
2 года назад
Аналитический центр Ассоциации финансистов Казахстана представил очередной ежедневный обзор рынков Валютный рынок К концу прошлой недели пара USDKZT заметно снизилась на фоне растущих нефтяных котировок и умеренного восстановления рис...
Акции Apple пользовались повышенным спросом на KASE Global
3 года назад
Акции Apple пользовались повышенным спросом на KASE Global ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 18 октября 2022 На минувшей неделе общий объём торгов иностранными акциями превысил...
Криптозима: продавцы взяли полный контроль над рисковыми активами
4 года назад
Криптозима: продавцы взяли полный контроль над рисковыми активами ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 20 июня 2022 Капитализация крипторынка упала ниже $1 трлн против пикового зн...
Fitch Ratings подтвердило рейтинг Halyk на уровне «BBB-»
2 года назад
Международное рейтинговое агентство Fitch Ratings подтвердило долгосрочный рейтинг дефолта эмитента Halyk в иностранной и национальной валюте (РДЭ) на уровне «BBB-», прогноз «Стабильный». Как отметили в Fitch, рейтинги банка подкреплены доминирующей ...
Золотой запас Казахстана за год вырос более чем вдвое
8 месяцев назад
В структуре международных резервов Казахстана по итогам января 2026 года зафиксирован резкий рост объема золота — до $55,3 млрд. Показатель увеличился на 17,1% за месяц и более чем в д...
➤