Войти

Сарапшылар инфляцияға қатысты болжамдарын қайта қарап, өзгерте бастады

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының (ҚҚҚ) талдау орталығы ұсынған бұл зерттеуде әдеттегідей қаржы нарығындағы кәсіби ойыншылардың мұнайдың бағасы мен АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамы бойынша, сондай-ақ инфляция, ЖІӨ көрсеткіштері мен ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесіне қатысты болжамды пікірлері есепке алынған.

Түйін ҚҚҚ сарапшыларының айтуынша, соңғы 12 айда айлық инфляция ең жоғары көрсеткішке дейін қарқындап өсті: ақпан айында 1,1%-ға дейін, бұл сарапшы қауымның келер жылдағы инфляцияға қатысты өз болжамдарын қайта қарап, өзгертуіне түрткі болды. Инфляцияға қатысты болжам өткен айдағы 8,8%-дан 9,3%-ға дейін көтерілді, деп көрсетеді өз шолуында ҚҚҚ сарапшылары.

Сақтандыру нарығы апатты тәуекелдерден сақтандыру тетіктеріне мән беруде Сақтандыру нарығы апатты тәуекелдерден сақтандыру тетіктеріне мән беруде Олар, сондай-ақ тұтыну бағасы индексінің жылдық көрсеткіші алдағы сәуір айында қайтадан жоғары өрлеуі мүмкін деп отыр – 2023 жылдың І тоқсанында жоғары базаны тіркеуден алып тастағаннан кейін.

«Бақылаудағы және күтілетін инфляцияның өсуі ақша-кредит жағдайын қалыпқа келтіру циклін тоқтатып тастауы мүмкін. Сауалнамаға қатысқан респонденттердің басым бөлігі (58%-ы) 12 сәуірге белгіленген отырыста базалық мөлшерлеме өзгеріссіз қалады деп есептейді, ал қалған бөлігі (42%-ы) мөлшерлемені ептеп төмендету әлеуеті жоқ емес деген пікірде (тағы 25 пайыздық тармаққа – 14,5%-ға дейін)», - деп түсіндіреді өз шолуында ҚҚҚ сарапшылары.

Десек те, алдағы 12 айда базалық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігі біршама жоғары деп болжауға толық негіз бар (биылғы жылдың басынан бері Ұлттық Банк оны 100 базалық тармаққа төмендеткені белгілі): сарапшылардың пайымынша, бір жылдан кейін базалық мөлшерлеменің мәні 12,5%-ды құрауы әбден мүмкін (−225 б.т.).

Ал Brent мұнайының бір жылдан кейінгі бағасы туралы отандық сарапшылардың пікірі айтарлықтай өзгере қоймаған (85 vs 81). Бұл арада олар, сірә, Таяу Шығыста қалыптасқан бүгінгі геосаяси жағдай мен ОПЕК+ тарапынан мұнай өндіру ауқымына түзету енгізу мүмкіндігін есепке алса керек, оның сыртында жаһандық қаржылық жағдай да біртіндеп жақсарып келеді.

Есесіне, сарапшы қауымның доллар бағамына қатысты болжамы біршама жақсарған, олардың пайымынша төл теңгеміз АҚШ доллары алдында нығая түсуі тиіс: қысқа мерзімді перспективада бұған дейінгі болжанған 455,03 теңгеден 454,4 теңгеге дейін, ал ұзақ мерзімге негізделсек – 478,3 теңгеден 474,6 теңгеге дейінгі шамада. Бұған әсер етіп отырған факторлар қатарында теңге бағамында тербеліс-толқулардың аса байқала қоймағаны, мұнайдың қымбаттауы және Ұлттық қордан ауқымды көлемде шетел валютасын алып, айырбастау шарасы мысал етілген.

Жалпылай алғанда, отандық сарапшылар, үкіметтің мақсатты жоспарымен салыстырғанда (6%), ел экономикасының өсу қарқыны алдағы 12 айда консервативті деңгейде қалады деген пікір айтады. Бұл тұрғыда олар жыл басынан бері экономиканың өсу қарқыны баяу екпінмен басталып (қаңтарда 3,9%), Теңіз кенішіндегі мұнай өндіру ауқымын арттыру мерзімі әлі де белгіленбей отырғанын алға тартады.

Аслан Құрмаш

Инфографика: ҚҚҚ талдау орталығы


Поделиться:

Смотрите также:

Как провести «качественные» народные IPO?
4 года назад
Как провести «качественные» народные IPO? ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 28 июня 2022 В последние годы в Казахстане активно обсуждается возможность выведения национальных к...
Нефть находится выше отметки $85 за баррель
3 года назад
Нефть находится выше отметки $85 за баррель ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 02 декабря 2022 Индекс KASE восстанавливает локальные позиции ...
КМГ добыл в 2023 году свыше 23,5 млн тонн нефти и газа
2 года назад
27 февраля нацкомпания «КазМунайГаз» опубликовала производственные результаты за 2023 год. Ключевые производственные показатели за 2023 год в сравнении с 2022 годом: доказанные и вероятные запасы углеводородов КМГ увеличились на 3,7% и составили...
В Астане строят завод по производству СПГ
1 год назад
В 2027 году в Астане планируется запуск завода по производству сжиженного природного газа (СПГ) мощностью 75 тыс. тонн в год. Об этом сообщает Telegram-канал Naft, со ссылкой на АО «Ка...
Цена на нефть Brent держится выше $80 за баррель
4 года назад
Цена на нефть Brent держится выше $80 за баррель ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 11 января 2022 Однако ухудшение эпидемиологической ситуации в итоге может негативно сказаться...
На крупных месторождениях РК добычу нефти снизили на 50%
2 года назад
Суточная добыча нефти на казахстанском месторождении Тенгиз снижена, сообщил советник министра энергетики РК Шынгыс Ильясов. «В связи с погодными условиями и ограничениями приема на КТК суточная добыча нефти на месторождении Тенгиз снижена до 39 тыс...
Повысить НДС до 20%, сократить льготы: что бизнесмены и экономисты обсуждали с Бектеновым
1 год назад
Предыстория: Олжас Бектенов собрал в правительстве экономистов и экспертов Казахстана 23 января премьер-министр Олжас Бектенов встретился с представителями экспертного сообщества в области экономики и&n...
В AERC дали прогнозы по курсу доллара на 2024–2025 годы
1 год назад
Applied Economics Research Centre (AERC) опубликовал свежий макроэкономический обзор по Казахстану. Прогноз курса USD/KZT «Курс национальной валюты по отношению к американскому доллару продемонстрировал значит...
➤