Войти

Сақтандыру нарығы апатты тәуекелдерден сақтандыру тетіктеріне мән беруде

ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (агенттік) отандық сақтандыру секторын дамытудың 2024 жылға арналған бағдарламасын әзірлеп, биыл ақпан айында нарық ішіндегі ойыншылардың назарына ұсынған болатын. Агенттік қолға алған сақтандыру нарығының жұмысын жетілдіріп, жақсарту жоспары кең ауқымды. Мысалға, оның ішінде халықаралық сарапшыларды тарта отырып, апатты тәуекелдер орын алған жағдайда қазақстандықтардың меншігін қорғау тетіктерін анықтау жолдары да ескерілген. Жалпы, биыл елімізде апатты тәуекелдерден сақтандыру тетіктерін енгізу мәселесіне ерекше назар аударылуда. Бұл тұрғыда, ең алдымен, сақтандыру үлгілерін анықтап, жол картасын әзірлеу, сондай-ақ кейбір заңдарға өзгерістер енгізу қажеттілігі туындап отыр.

«Апатты қауіптерден қорғау тетіктерін әзірлеу кезінде мемлекеттің қатысуы өте маңызды. Сонымен қатар, бұл арада осындай сақтандыру өнімін сатып алуға арналған платформаларға назар аудару керек. Бұл сақтандыруды қолжетімді етіп, сақтандыру өнімдерін оңай сатып алуға септік етеді, айталық, мобильді қосымша арқылы көрсетілетін қызмет үшін комиссия енгізу арқылы. Сонда ерікті сақтандырудың бұл түрі халық арасында кең тарап, тиімді нәтиже беруі мүмкін», – дейді Freedom Finance Insuranse АҚ басқарма төрағасы Азамат Керімбаев.

ҚҚҚ: Сақтандыру өнімдеріне деген сұраныс өсіп келеді ҚҚҚ: Сақтандыру өнімдеріне деген сұраныс өсіп келеді Айта кету керек, ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сақтандыру компанияларының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті Solvency II халықаралық стандартын енгізу бойынша өз жұмыстарын әрі қарай жалғастыруда. Бұл тұрғыда 2024 жылы төлем қабілеттілігі капиталына қойылатын талаптарға SCR (Solvency Capital Reguirement) және сақтандырушылардың меншікті қаражатына жаңа талаптарды әзірлеу мақсатында тестілік есептеулер жүргізіледі. SCR – сақтандыру және қайта сақтандыру компанияларын ықтимал тәуекелдерді жабу үшін белгілі бір қаражат көлемін ұстауға міндеттейтін реттеуші шара.

Тұтынушыларға сақтандыру қызметтерін бұдан да қолжетімді ету үшін Агенттік нарық ішіндегі кәсіби ойыншылармен бірлесе отырып, қолданыстағы нарықтарды құру немесе пайдалану жолдарын да қарастыруда. Бұл сақтандыру компанияларына сақтандыру өнімдерін әзірлеу кезінде тұтынушылардың мүдделерін ескеруге көмектесуі тиіс.

Зілзала айтып келмейді: қазақстандықтардың сейсмикалық дайындығы қалай? Зілзала айтып келмейді: қазақстандықтардың сейсмикалық дайындығы қалай? 2023 жылы сақтандыру секторында Агенттік тарапынан жүзеге асырылған бірқатар ұсыныстар сақтандыру компаниялары клиенттерінің өмірін айтарлықтай жеңілдетті деуге болады. Мысалға, қазір сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру төлемдерін онлайн режимде реттеу мүмкіндігі бар. Автокөлікті міндетті сақтандыру бойынша жол-көлік оқиғаларын шешудің оңайлатылған алгоритмі әзірленді, ол Еурохаттама мобильді қосымшасы түрінде жасалған. Бұл қосымша 2024 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істей бастады, қазір енді кішігірім жол-көлік оқиғаларын реттеу процесін жол полициясының қатысуынсыз-ақ шешуге болады. Тек 2024 жылдың қаңтар айында ғана осы мүмкіндікті пайдалану аясында 423 жағдай тіркеліп, жалпы сомасы 41,6 млн теңгеге 223 сақтандыру төлемі жасалды. Төлемнің орташа сомасы – 187550 теңге, орташа есеп айырысу мерзімі – бес күн.

Былтыр, сондай-ақ Қазақстан өңірлеріндегі жол-көлік оқиғалары деңгейіне қарай автокөліктерді міндетті сақтандыру бойынша сараланған тариф енгізілген болатын. Бұл бастама еліміздегі 20 өңірдің 11-де тарифтерді орташа есеппен алғанда 14%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.

Әлеуметтік негіздегі сақтандыру өнімдерін дамыту барысында Агенттік сақтандыру ұйымдарының есебінен зейнетке дейінгі аннуитет пен зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге арналған оңалту және профилактикалық төлемдер түрін енгізді. Зейнетақы аннуитетінің құны төмендетіліп, аннуитеттік индекстеу деңгейінің 5%-дан 7%-ға дейін ұлғаюына байланысты төлемдер сомасы ұлғайтылды.

Сол сияқты, өткен жылы еңбек мигранттарын міндетті медициналық сақтандыру іске қосылды. Мемлекеттік білім берудегі жинақтау жүйесін дамыту аясында мемлекеттік субсидияға негізделген «Келешек» сақтандыру өнімі қолданысқа түсті, ол азаматтарға балаларының жоғары оқу орындарында оқуға ақша жинау мүмкіндігін береді.

Бірыңғай уақыт белдеуі: Еуропаға бір сағат жақындап, Қытайдан сәл алыстаймыз Бірыңғай уақыт белдеуі: Еуропаға бір сағат жақындап, Қытайдан сәл алыстаймыз Жалпы, бүгінгі таңда Қазақстанның сақтандыру нарығы оң нәтижелер көрсетуде. Қазір елімізде 25 сақтандыру ұйымы жұмыс істейді, оның 16-сы жалпы сақтандыруға, ал 9-ы өмірді сақтандыруға негізделген компаниялар. 2024 жылдың басындағы жағдайға сай, Қазақстандағы сақтандыру компанияларының активтері 2,49 трлн теңгені құрады. Бұл 2023 жылғымен салыстырғанда 20,7%-ға артық көрсеткіш. Сақтандырушылардың міндеттемелері 23,2%-ға өсіп, 1,59 трлн теңгені құрады. Осы кезеңдегі сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 1 трлн теңгеге жетті. 2023 жылға жасалған сақтандыру төлемдерінің көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 43,7%-ға өсіп, 274 млрд теңгені құрады.

ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің айтуынша, былтыр сақтандыру секторында барлық негізгі көрсеткіштердің ұлғайып өсуі байқалды, содан да қазір аталған салада капиталдандыру және өтіміділік көрсеткіштері бойынша берік негіз қалыптасты деп түйіндеуге толық негіз бар.

Doomsay Agency




Поделиться:

Смотрите также:

От Китая ждут окончания политики нулевой терпимости к Covid-19
3 года назад
От Китая ждут окончания политики нулевой терпимости к Covid-19 ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 29 ноября 2022 Индекс KASE снизился на фоне коррекции нефти ...
На каком уровне зафиксировали цены на ГСМ в Казахстане
9 месяцев назад
В Министерстве энергетики Казахстана разъяснили, как будет работать временный мораторий на рост цен на горюче-смазочные материалы. «Ключевой принцип моратория — фиксация розничных цен на бензин АИ-92 и&nb...
В МФЦА остановили действие лицензии GB Finance
3 года назад
В МФЦА остановили действие лицензии GB Finance ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 14 ноября 2022 В компании игнорировали ряд требований регулятора ...
К концу рабочей недели тенге заметно поддался давлению доллара
4 года назад
К концу рабочей недели тенге заметно поддался давлению доллара ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 15 апреля 2022 На KASE завершились торги по иностранным валютам ...
Минэкономики: ВВП Казахстана в 2025 году вырос на 6,4%
7 месяцев назад
В среду, 17 декабря, на заседании правительства рассматривались итоги социально-экономического развития за 11 месяцев 2025 года. Так, по данным МНЭ РК, главный показатель — рост ВВП, достиг 6,4%. Клю...
«Я попросила не продавать «Казпочту». Как Асель Жанасова наводила порядки в компании
1 год назад
Молодой антикризисный менеджер Асель Жанасова возглавила национальную «Казпочту» в драматический момент. Почтовая служба переживала экзистенциальный кризис. Цифровые технологии отправили в нокаут старую почтовую систему...
Индекс KASE с начала февраля растёт на 10%
2 года назад
Ассоциация финансистов Казахстана представила очередной ежедневный обзор рынков Валютный рынок По итогам торгов во вторник, 20 февраля, курс USDKZT вырос на 2,56 тенге – до 452,97 тенге за доллар. При этом объем торгов заметно увеличился – до $177...
На доллар сохраняется повышенный спрос на казахстанской бирже
2 года назад
Аналитический центр Ассоциации финансистов Казахстана представил очередной ежедневный обзор рынков Валютный рынок  По итогам валютных торгов в среду пара USDKZT закрылась на уровне 452,96 тенге за доллар в сравнении с показателем в 451...